31.12.2025
17:33:52
ru
kz

Жаңа жылдық мерекелерде темір жолы штаттық режимде жұмыс істейтін болады

Басты жаңалықтар
31.12.2025
15:22
Жаңа жылдық мерекелерде темір жолы штаттық режимде жұмыс істейтін болады

Жаңа жылдық мерекелерде темір жолы штаттық режимде жұмыс істейтін болады



Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 
 

Жаңа жылдық мерекелер кезеңінде елдің теміржол көлігі демалыс және мереке күндеріне қарамастан штаттық режимде, тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Сала қызметкерлері жолаушылар мен жүктерді үздіксіз және сенімді тасымалдауды, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. 

Көптеген теміржолшылар пойыздардың қозғалысы мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Жаңа жылды жолда қарсы алады.


 

Жаңа жылдың алдында жүк қозғалысының 1 685 машинисі, 357 жолаушылар пойызының машинисі және 698 шаруашылық және маневрлік қозғалыс машинисі түнгі кезекшілікке түседі.


 

Теміржол вокзалдарында мереке күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 122 билет кассасы, оның 40-ы 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні жұмыс істейтін болады.


 

Жаңа жыл қарсаңында пойыздарға 81 пойыз бригадасы және 1 600 астам жолсерік тартылады. Мерекелік түнде пойыз бригадаларымен қатар вокзалдар бойынша кезекшілер, анықтамалық бюро қызметкерлері, тасымалдауды басқару орталықтарының диспетчерлері, жол монтерлері және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі, жүктердің сақталуы мен теміржолдағы тәртіптің үйлесімді жұмысына қатысы бар басқа да мамандар қызмет атқаруды жалғастырады.


 

31 желтоқсанда теміржолшылар вокзалдар мен пойыздарда жолаушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды.

Көптеген сала қызметкерлері үшін Жаңа жылды жұмыс орнында қарсы алу кәсіби дәстүр болып табылады. Мерекелік күнге қарамастан, олар теміржолдың сенімді жұмысын және жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ететін постта болады.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить