26.07.2025
19:34:29
ru
kz

Жаңа туристік жол Шарын шатқалын «Таңбалы» қорық-музейімен байланыстырады

Басты жаңалықтар
22.07.2025
13:35
Жаңа туристік жол Шарын шатқалын «Таңбалы» қорық-музейімен байланыстырады

Жаңа туристік жол Шарын шатқалын «Таңбалы» қорық-музейімен байланыстырады, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

«Alatau Amanaty» ауқымды жобасы ұзындығы 1200 шақырымнан асатын туристік экожолды абаттандыруға бағытталған. Экологиялық маршрут Іле Алатауының көркем жоталарымен  өтіп, Шарын шатқалын «Таңбалы» қорық-музейімен байланыстырады.


 

Оның бойында этноауылдар, глэмпингтер, кемпингтер мен гастрономиялық туризм нысандарын салу жоспарланған. 

Бүгінде маршруттың негізгі аялдамалары туристер үшін тартымды нүктелерге айналып отыр. 


 

Олардың қатарында: «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Көк-Жайлау шатқалы, Бутаковка сайы, Алма-Арасан ыстық бұлақтары, Үлкен Алматы көлі, VIII–XIII ғасырлардағы Талхиз қалашығы және Oi-Qaragai тау курорты бар, бағыттағы негізгі аялдамалар туристердің қызығушылығын тудырып отыр. Атап айтқанда: «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Көкжайлау шатқалы, Бутаков шатқалы, Алма-Арасан ыстық бұлағы, Үлкен Алматы көл және тағы басқалары. 


 

Бастаманы «Kaz Alpine Club» қоғамдық ұйымының белсенділері танытты. Жоба «AMANAT» партиясының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының, Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асырылуда.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.