07.12.2024
06:28:27
ru
kz

Үш айдың ішінде Түркістанға келген шетел туристердің саны 5 есе артты

Басты жаңалықтар
04.04.2024
12:05
Үш айдың ішінде Түркістанға келген шетел туристердің саны 5 есе артты
Түркістан облысына шетелден келетін қонақтардың саны артып отыр. Е-Qonaq желісіндегі сараптамалық көрсеткіштерге сүйенсек, биылғы жылдың І тоқсанында 4485 шетел турисі келген, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Олардың қатарында Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Франция, ҚХР, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея, Үндістан елінің тұрғындары бар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5 есе көп. Өткен жылдың алғашқы үш айында бұл көрсеткіш – 980, 2022 жылы 358 болған.
 
Шетелдіктердің басым бөлігі туризм мақсатында келген. Бұдан бөлек іскерлік байланыс орнату үшін жұмыспен келсе, енді бір бөлігі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысқан.
 
Айта кетейік, биыл «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» мәртебесі ресми түрде жаңа маусыммен ашылған болатын. Жыл бойы өткізілетін «Рухани мекенде неке қию» туристік іс-шарасы, «Көне түркі дәстүрі» этнофестивалі, «Әуе шарлары» фестивалі, «Түркі әлемінің тағамдары – ТӘТТІ» гастрофестивалі, «Туристік астана келбеті» Түркі елдері өкілдеріне арналған ақпараттық тур, страйкболдан «Түркі қырандары» халықаралық чемпионаты (Airsoft), «Қымызмұрындық» фестивалі, «Tourist Time» телевизиялық жобасы өткізіледі. «Voice of Turan» халықаралық қазақ әндері фестивалі бұл жолы таулы аймақта, ашық аспан астында ұйымдастырылады деген жоспар бар.

Үш күндік ауқымды шарада 20-ға жуық мемлекеттен өнерпаздар арнайы келіп, қазақ әндерін шырқайды деп күтілуде. Өңірде халықаралық деңгейде – 25, республикалық деңгейде – 23, облыстық деңгейде – 56, жалпы 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.