21.11.2024
21:43:02
ru
kz

Туризм саласына мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр

Басты жаңалықтар
22.07.2024
18:14
Туризм саласына мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілер үшін мемлекеттік қолдаудың жеті шарасы енгізілді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

1. Туроператорлардың келу туризміне арналған шығындарын субсидиялау

Туроператорлар жарамды құжаттарды ұсынып, туристің орналасу орындарында кемінде төрт күн және үш түн тұратынын растап, сондай-ақ туристі «е-Qonaq» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеген жағдайда әрбір шетелдік турист үшін субсидия алады. Субсидия мөлшері әрбір шетелдік турист үшін 15 000 теңгені құрайды.

2. Кәмелетке толмаған жолаушылардың әуе билеттері құнын субсидиялау (Kids Go Free)

Субсидия ішкі туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператордан сатып алынған туристік өнімге қосылған кәмелетке толмаған жолаушыға билет құны үшін төленеді. Ел аумағында 18 жасқа дейінгі жолаушының әуе билеті құны 100% өтеледі.

3. Тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техниканы сатып алу шығындарының бір бөлігін өтеу

Сатып алынған жабдықтар мен техника құнының 25%-ы өтеледі. Оларға аспалы жолдар, ратрактар, қар генераторлары техникасы қоса есептелінеді.

4. Жол бойындағы қызмет объектілерін салуға арналған шығындарды өтеу

Мотель, қонақ үйлер, кемпингтер, АЖҚС, тамақтану пункттері және басқа да объектілердің құрылыс құнының 10%-ы өтеледі.

5. Санитарлық-гигиеналық тораптарды (СГТ) күтіп-ұстауға арналған субсидия

Мүгедектер, ер мен әйелдерге арналған унитаздар, раковиналар, желдеткіш, жылу және жеке гигиена құралдармен жабдықталған жеке кабиналардың болуын қамтамасыз ету қажет.

Субсидиялау мөлшері ай сайын 83 300 теңгені құрайды.

6. Туристік қызмет объектілерін салуға және реконструкциялауға арналған шығындардың бір бөлігін өтеу

Табиғи объектілерді, көрікті жерлерді, тарихи және әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға және реконструкциялауға жұмсалған шығындардың 10%-ы өтеледі.

7. Туристік қызмет үшін автокөлік сатып алуға арналған шығындардың бір бөлігін өтеу

Жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автокөлік құралдары құнының 25% -ы өтеледі.

Бұл шаралар елімізде туризмді дамытуды ынталандыруға, инфрақұрылымды жақсартуға және шетелдік және жергілікті туристер үшін елдің тартымдылығын арттыруға бағытталған.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.