15.10.2025
20:01:24
ru
kz

Пойыздарда қысқы дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Басты жаңалықтар
15.10.2025
17:25
Пойыздарда қысқы дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Ұлттық тасымалдаушының пойыздары қысқы маусымға дайындалуда, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

 


Барлық филиалдарында және бағыттарында жолаушылар пойыздарын қысқы кезеңге дайындау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта компания паркінде 2 188 вагон бар: оның ішінде 1 317- стандартты, 732 – Talgo пойыздары, 108 - электр-дизельді вагондар. Барлық жылжымалы құрам кезең-кезеңімен қысқы пайдалану талаптарына сәйкес дайындықтан өтуде.


 

Әрбір пойызда жылыту жүйелерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін тексеру мен сынақ жүргізіледі. Салондағы қолайлы температураны сақтау мақсатында желдету жүйелері диагностикадан өткізіледі. Есік пен терезелердің герметикалығы қадағаланып, қажет болған жағдайда резеңке тығыздағыштар ауыстырылады.


 

Төмен температура мен қарлы боран жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тежеу жүйесіне ерекше көңіл бөлінеді: барлық қозғалыс бөліктері майланып, қатудың алдын алу шаралары жүргізіледі. Пойыздардың сыртқы элементтері қар мен мұз жиналмауы үшін тазаланып, тексеруден өтеді.


 

Компанияның техникалық парктерінде тәулік бойы жоспарлы тексерулер ұйымдастырылған: вагондардың жүріс бөліктері мен асты қаралады, кузовтары жуылады, тораптары тазаланады, тығыздағыштар ауыстырылып, анықталған ақаулар дер кезінде жойылады. Әр рейс алдында вагондар толық санитарлық және дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Барлық беттер мұқият тазартылады, ал дезинфекция санитарлық талаптарға сәйкес арнайы құралдармен жүргізіледі.


 

Пойыз бригадалары да қысқы кезеңге дайындалуда. Қызметкерлер қысқы формаға көшіп, қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі. Әрбір сапар алдында олар міндетті медициналық тексеруден өтеді. Сондай-ақ, персоналға еңбек қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету және қызметтік этика бойынша тұрақты нұсқаулықтар өткізіледі.


 

Барлық дайындық жұмыстары аяқталған соң арнайы комиссия тексеріс жүргізіп, жылжымалы құрамның қысқы маусымда сенімді әрі қауіпсіз жұмысқа толық әзірлігін растайды.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.