18.08.2025
16:44:36
ru
kz

Пойыз билеттеріне 40 пайызға дейін жеңілдік жарияланды

Басты жаңалықтар
18.08.2025
09:30
Пойыз билеттеріне 40 пайызға дейін жеңілдік жарияланды

Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттеріне 40%-ға дейінгі күзгі жеңілдіктер ұсынады, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне күзгі жеңілдіктер маусымының басталғанын хабарлайды. Жеңілдіктер 2025 жылдың 22 қыркүйегінен 23 қазанына дейін қолданылады. Осы кезеңде жолаушылар 7 бағыт бойынша билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.


Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

 

 • № 9/10 «Астана – Алматы»

Вагон түрі: отыратын (2С)

Жеңілдік: отыратын орындарға 40%

 • № 65/66 «Астана – Жезқазған»

Вагон түрі: турист (2Д)

Жеңілдік: купелік орындарға 25%

 • № 67/68 «Астана – Өскемен»

Вагон түрі: турист (2Д)

Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%

 • № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»

Вагон түрі: купе (2К)

Жеңілдік: үстіңгі орындарға 25%

 • № 351/352 «Алматы – Өскемен»

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%

 • № 691/692 «Атырау – Ақтөбе»

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: үстіңгі орындарға 20%


 

Күн сайын қатынайтын пойыз:

 • № 11/12 «Алматы – Шымкент»

Вагон түрі: турист (2Д)

Жеңілдік: купелік орындарға 25%


 

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайты арқылы немесе вокзалдағы билет кассаларынан сатып алуға болады. Жолаушылар билеттерді пойыз жөнелтілерден 45 күннен 10 күнге дейін сатып ала алады. Бұл жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, тиімді бағада билет алуға мүмкіндік береді.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.