03.10.2025
13:43:01
ru
kz

Кәсіпкер Данна Қарағұсова ғарышқа аттанбақ

Басты жаңалықтар
03.10.2025
11:40
Кәсіпкер Данна Қарағұсова ғарышқа аттанбақ

2025 жылдың 8 қазанында Данна Қарағұсова Blue Origin компаниясының миссиясы аясында ғарышқа ұшады, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Қазақстанның ғарышпен тарихи байланысы зор: дәл осы Байқоңырдан адамзаттың тұңғыш ғарыш сапарларыбасталған болатын. Даннаның ұшуы – жаңа символдық қадам: әлемге бірінші болып ғарыштық бастамалардыберген елден, алғаш рет қазақстандық әйел ғарышқа жолтартады.

Данна Қарағұсова туралы

Даннаның медиа, ивент және дистрибуция саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол елдегі ең ірі медиа және ивент-холдинг – First Media Group-тың негізін қалаушылардың бірі. Данна – тек визионер ғана емес, сонымен қатар ең батыл идеяларды жүзеге асыра  білетінтәжірибелі маман.

Бүгінде ол өзін-өзі реттеу саласындағы халықаралық IT-жобаның теңқұрушысы. Ғарыш сапары оның зерттеу қызметінің бір бөлігі болмақ: жұмыс жобалары аясында Данна өз командасы әзірлеп жатқан технологияларды жеке тәжірибесінде сынап көреді.

«Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты. Жаңа көкжиектерді игере отырып, біз технологияларды дамытамыз және өз мүмкіндіктерімізді кеңейтеміз. Мен үшін бұл ұшу – көптеген жылдар бойы еңбектенген арманымның бір бөлігі әрі зерттеу жобасының маңызды кезеңі», – дейді Данна Қарағұсова.

Ел үшін бұл ұшу – ғарышты игерудегі тарихи үлестің жаңабеті әрі ұлттық мақтанышқа себеп. Ал адамзат үшін – өзін-өзі реттеу технологиялары мен осы саладағы зерттеулердіңболашақта маңызды рөл атқаратындығын, адамның әртүрліжағдайда – жер бетінде де, ғарышта да – сын-қатерлергетөтеп беруіне көмектесетінін еске салу.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.