Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Әрбір гидке ресми мәртебесін растайтын жәнетоптар құрамында 41 туристік нысанға тегін немесе жеңілдікпен кіруге мүмкіндік беретін атаулы бейдждер берілді.
Бейдждер саны бойынша Алматы қаласының гидтері көш басында: 49 адам өз білімдерін дәлелдеуге ниет білдірді. Елордада бұл саладағы 15 маман тестілеуден сәтті өтсе, Алматы облысында бұл көрсеткіш 7-ге тең. Шымкент қаласының, ШығысҚазақстан және Жамбыл өңірлерінің әрқайсысында екігид, ал Түркістан облысында бір адам цифрлық тізілімге енді.
Әрбір бейдж туристерге гид профилімен танысуғамүмкіндік беретін QR кодпен жабдықталған.
«Гидтер шетелдік туристердің Қазақстантуралы пікірін қалыптастыруда шешуші рөлатқарады. Олардың кәсібилігі - туризм индустриясындамытудың және қызмет көрсету стандарттарынарттырудың маңызды құрамдас бөлігі. Атаулы бейджтуристерге сапалы қызмет көрсетілетініне сенімділікберетін сенім символына айналады», - деп атап өтті Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов.
Жанар Баймульдинова 2019 жылдан бастапАстанада және еліміздің басқа өңірлерінде де экскурсиялар өткізеді. Ол гидтардың кәсібилігі жәнетуристер үшін экскурсия сапасының маңыздылығына назар аударады.
«Бейдж иелену - бұл гидтің кәсібилігі мен гидмәртебесін мойындау. Маған бұған дейін жекенысандар мен қауымдастықтардың құжаттары берілген, бірақ бұл бейдж - басқа деңгей. Өкінішкеорай, экскурсиялар дұрыс жүргізілмейтін жәнетуристер қажетті ақпарат пен тәжірибе алмайтынжағдайлар кездеседі. Бұл жобаға көбірек гид қатысып, мәліметтер цифрландырылғанын қалаймын», - деп атап өтті «Баймульдинова» жеке кәсіпкерлігінің директоры Жанар Баймульдинова.
Айта кету керек, цифрлық тізілім 2023 жылданбастап жүргізіледі. Оған тіркелу үшін өтініш жолдау қажет: https://guides.kazakhstan.travel/