06.12.2024
19:09:22
ru
kz

Еліміз Ташкентте өткен халықаралық туристік көрмеге қатысты

Басты жаңалықтар
22.11.2024
17:48
Еліміз Ташкентте өткен халықаралық туристік көрмеге қатысты
Қазақстан Ташкенттегі халықаралық туристік көрмеге қатысты, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Қазақстандық делегация Өзбекстанда өтіп жатқан Tashkent International Tourism Fair халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысуда. Орталық Азиядағы маңызды іс-шара ««Tourism on the Silk Road»» тақырыбына арналған.
 
Халықаралық жәрмеңкеге 30 елден 300-ден астам салалық өкіл қатысуда. Қазақстандық стендті Visit Astana және Алматы облысының Туризм басқармасы ұйымдастырды. Қазақстанның туристік әлеуетін 16 өкіл таныстыруда. Олардың қатарында 7 туроператор, 3 қонақүй және Air Astana әуе компаниясы бар.
 
Өзбекстан Қазақстанға іскерлік және медициналық бағытындағы туристерді  тартуға арналған мақсатты нарық ретінде маңызды рөл атқарады. Бұған еліміздегі логистиканың ыңғайлылығы, географиялық және мәдени жақындық әсер етеді.
 
2024 жылы Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан өңірдің мәдени және тарихи мұрасын ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстарды күшейтуде. Негізгі бастамалар қатарында жаңа туристік маршруттар құру, мәдени мұраны дәріптеу, саяхатшыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымды дамыту бар.
 
Атап өткен жөн, Өзбекстан – Қазақстанның Ұлы Жібек жолы бойындағы турларды дамыту бойынша негізгі серіктесі. Жақында екі ел арасында жаңа туристік пойыз іске қосылды. Бұл маршрут Жібек жолының негізгі нүктелерін қамтиды және туризмді дамыту үшін бірыңғай стратегия құруға ықпал етеді.
 
2024 жылдан бастап Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер саны 2023 жылмен салыстырғанда айтарлықтай артты. Қазіргі уақытта екі ел арасында аптасына 37 рейс орындалуда.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.