07.12.2024
07:13:23
ru
kz

Бурабайда алғашқы тікұшақ туристік бағыты сыналды

Басты жаңалықтар
30.09.2024
16:10
Бурабайда алғашқы тікұшақ туристік бағыты сыналды
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Бурабай ауданына жұмыс сапары туристік инфрақұрылымды дамыту перспективаларына арналды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Жыл сайын Бурабай курорты жайлы және қауіпсіз туризм құруға бағытталған жаңа жобаларды іске асырудың арқасында туристер үшін тартымды бола түсуде.

Бүгінгі сапар барысында облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Бурабай курортындағы алғашқы әуе экскурсиялық маршрутын іске қосуға қатысып, бұл оқиғаны өңір аэротуризмін дамытудағы маңызды қадам деп атады.

Экскурсиялық туристік ұшулар сыйымдылығы 3 жолаушыға шақталған тікұшақтарда жүзеге асырылады. Бұндай қызмет түрі келесі туристік маусымның басында іске қосылады.


Осыдан кейін өңір басшысы мен министр Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Aqmola Tourism Event» салтанатты іс-шарасына қатысты.
Кездесу «Ақмола облысының туристік әлеуеті» көрмесімен танысудан басталды, онда экотуризмді, мәдени және спорттық бағыттарды дамытудағы жетістіктер көрсетілді.

Марат Ахметжанов өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі таңда туризм халықаралық байланыстар орнатудың, бейбітшілікті нығайтудың және мәдени тәжірибе алмасудың қуатты құралы екенін атап өтті.
 

«Мемлекет басшысы туризмді дамытуға ерекше назар аударады және жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында туристік саланың экономикалық маңыздылығын атап көрсетеді. ЮНЕСКО-ның табиғи мұра тізіміне енгізілген 3 мемлекеттік ұлттық табиғи парктің, Қорғалжын қорығының болуы аймақты келушілер үшін өте тартымды етеді. Біздің алдымызда осы саланы дамыту бойынша үлкен міндеттер тұр және біздің бірлескен жұмысымыз сындарлы форматта құрылатынына сенімдімін. Тек күш біріктіру арқылы ғана біз өңірімізді қызықты, тартымды және туристік нарықтың заманауи талаптарына сай ете аламыз», - деп атап өтті облыс әкімі.



Адал еңбегі мен туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар ақмолалықтар «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен, туризм және спорт министрінің Құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.