08.12.2024
02:03:02
ru
kz

Астана қаласының әуежайынан/әуежайына рейстердің кешігуіне қатысты

Басты жаңалықтар
30.12.2023
17:00
Астана қаласының әуежайынан/әуежайына рейстердің кешігуіне қатысты
Астанадағы рейстердің кешігуі туралы деп жазды ҚР Азаматтық авиация комитетінің ресми телеграм-каналында

Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында Астана әуежайынан ұшуға 84 рейс жоспарланған, 38 рейс кешіктірілді. Ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында сағат 00-00-ден 08-00-ге дейінгі аралықта ұшуға 39 рейс жоспарланған, оның 22-сі кешігумен ұшып, 17-сі кешігуде. Сағат 09-30-дан 12-00-ге дейін Астана әуежайы ауа-райының нашарлауына және тұрақ орындарының шектелуіне байланысты әуе кемелерін қабылдауға жабылды.

Барлығы 64 тұрақ бар. Астана әуежайы аймағында нақты болжам бойынша жел 18 м/с, екпіні 23 м/с дейін, көріну 100-150 м, боран. Әуе кемелерін мұзға қарсы өңдеуді жүргізу желдің жылдамдығы 15 м/с дейін, көріну 800 м-ден астам, сондай-ақ жауын-шашын болмаған жағдайда ғана мүмкін болады. Қазіргі уақытта қолайсыз метеожағдайлар және тұрақ орындарының болмауына байланысты Астана әуежайынан/әуежайына 10 рейс ұшуға және 20 рейс ұшып келуге кешігуде.

КС 7208 FlyArystan Астана-Атырау
КС 7054 FlyArystan Астана-Алматы
КС 7365 FlyArystan Астана-Орал
FZ 1308 Fly Dubai Астана-Дубай
IQ 429 Qazaq Air Астана-Талдықорған
DV 1704 SCAT Астана-Алматы
DV 783 SCAT Астана-Өскемен
DV 716 SCAT Астана-Шымкент
DV 714 SCAT Астана-Алматы
КС 7367 FlyArystan Астана-Орал
КС 851 Air Astana Алматы-Астана
DV 742 SCAT Ақтау-Астана
DV 756 SCAT Тараз Астана
КС 7368 FlyArystan Орал-Астана
CZ 6013 China Southern Үрімші-Астана
КС 7051 FlyArystan Алматы-Астана
КС 7053 FlyArystan Алматы-Астана
DV1703 SCAT Алматы-Астана
IQ408 Qazaq Air Шымкент-Астана
DV715 SCAT Шымкент-Астана
КС 7366 FlyArystan Орал-Астана
X982 Air Astana Атырау-Астана
IQ430 Qazaq Air Талдықорған-Астана
DV784 SCAT Өскемен-Астана
KC208 Air Astana Дубай-Астана
DV743 SCAT Алматы-Астана
IQ354 Qazaq Air Алматы-Астана
IG368 Qazaq Air Қостанай-Астана
DV735 SCAT Шымкент-Астана
IQ522 Qazaq Air Омск-Астана

Жолаушыларға әуекомпанияның анықтамалық қызметтерінде, әуежай қосымшаларында және қызметтерінде рейс мәртебесін нақтылау ұсынылады. Жолаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметтер, оның ішінде рейстің ұшуын 2 сағаттан астам күткен кезде сусындар, 4 сағаттан астам - ыстық тамақ, 8 сағаттан астам - қонақүйде орналастыру ұсынылады. Ауа-райының жақсаруына байланысты рейстердің ұшу-қонуы орындалатын болады.

Сол телеграм-арнаның хабарлауынша, Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын қардан тазарту техникасы тазалау жұмыстарын жалғастыруда. https://t.me/caa_kaz/3259 
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.