Жапондық саяхатшыларға түркістанның туризмі таныстырылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Жапония мемлекетінің журналист-жазушысы Shimpei Ito Түркістан облысына арнайы келді. Облыстық мәдениет және туризм басқармасының өкілдері өңірдің көрікті жерлеріне экскурсия жасап, тарихымызбен таныстырды.
Түркістанды жапон елінің саяхатшылар мен оқырмандарына таныстыру мақсатында Арыстан баб және Қожа Ахмет Ясауи кесенелері, Отырар қалашығы, «Karavansaray» кешені, Ясауи мұражайы, Hampton by Hilton қонақ үйінде фототүсірілім жүргізді. Түркістан жайлы қызықты материал «GlobeTrotter travel Guidebook» - «Әлем бойынша саяхатшыларға арналған нұсқаулық» журналында жарияланатын болады.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.