21.11.2024
19:59:16
ru
kz

Ұлттық паркі туристер үшін жабылды

Қазақстан жаңалықтары
10.07.2024
09:00
Ұлттық паркі туристер үшін жабылды
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі уақытша жабылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 

«Талғар ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына баруды уақытша шектеу туралы шешім қабылдады. Мұндай шешім Талғар өзенінің сол жақ бассейнінде орналасқан мұздық пен көлдің жағдайына мониторинг жүргізуге байланысты қабылданды. Бұл шара Талғар, Кеңдала, Ақтас елді мекендері тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шектеулерге, ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратты міндетті түрде назар аударуды сұраймыз», - деп жазды Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.



Аталған жерде Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ мекемесі және Талғар ауданының әкімдігінің қызметкерлері бақылауда ұстауда.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.