19.09.2024
22:14:06
ru
kz

Түріктің Ülke TV телеарнасы Қазақстанның туристік әлеуетімен танысты

Қазақстан жаңалықтары
20.08.2024
11:38
Түріктің Ülke TV телеарнасы Қазақстанның туристік әлеуетімен танысты
Түріктің Ülke TV телеарнасы Қазақстанның туристік әлеуетімен танысуда, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 маусымда өткен Туризм жөніндегі кеңесте Қазақстанның туристік әлеуетін дамытудың заманауи құралдарын белсенді пайдалануды тапсырған болатын. Президент пәрменіне сәйкес Түркияның ірі телеарналарының бірі Ülke TV еліміздің туристік әлеуетімен танысу мақсатында Қазақстанға келді.


ҚР Туризм және спорт министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп Түркістан, Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ Алматы облысында қонақтарға арнайы ақпараттық тур ұйымдастырды.


Сапар барысында түрік журналистері Қазақстанның тарихи-архитектуралық көрікті жерлерімен, бірегей табиғи ландшафттарымен және туристік инфрақұрылымымен танысты.


Айта кетейік, біздің елімізге арналған бағдарлама жаңалықтар форматында дайындалып, Түркияның кешкі хабарлар кестесінде жарияланады. Бұл Түркия аудиториясына Қазақстанның туристік әлеуеті мен туристерге ұсынатын орындар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.