21.11.2024
20:01:39
ru
kz

Төлқұжат рейтингісі бойынша Қазақстан Беларусь пен Ботсвана арасында тұр

Қазақстан жаңалықтары
26.02.2024
16:40
Төлқұжат рейтингісі бойынша Қазақстан Беларусь пен Ботсвана арасында тұр
Arton Capital қаржылық консалтингтік компаниясы Passport Index төлқұжат рейтингісін жасады. Бұл тізімде 179 ұпай жинаған БАӘ көшбастап тұр, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Finprom.kz. сайтының жазуынша, қозғалыс еркіндігі көрсеткіші - ол визасыз режиммен кірген немесе келген кезде виза, eTA және электронды виза алу мүмкіндік жасалған елдер саны бойынша үш күн ішінде өлшенеді. Айта кетейік, БҰҰ-на мүше 193 ел, сондай-ақ Ватикан және өз төлқұжаттары бар аумақтарды қосқанда барлығы 199 елдің төлқұжаты қатысты. 

177 ұпаймен екінші орында Франция, Германия, Италия, Нидерланды және Испания тұр. Ал үшінші орынды (176-ші) Швеция, Финляндия, Люксембург, Австрия және Швейцария өзара бөлісті.

Рейтингтегі соңғы орындарды Сирия (93-ші), Ауғанстан (92-ші) және Ирак (91-ші) иеленді.

Тізімге сәйкес Қазақстанның позициясы бір жыл ішінде — 2023 жылы 56-шы орыннан 2024 жылы 54-ші орынға дейін көтерілді. Бұл ретте қозғалыс еркіндігі көрсеткіші 91-ден 90 баллға дейін төмендеді. Қазақстаннан басқа 54-ші орынды Косово және Науру мемлекеті иеленді. Айта кету керек, 2024 жылы әлемдегі орташа қозғалыс еркіндігі 111 баллды, ал медианасы 100 баллды құрады.

Индонезия мен Беларусь Қазақстаннан жоғары позицияда, 91 көрсеткішпен 53-орында болса, ал Ботсвана 89 көрсеткішпен 55-ші орынға жайғасқан.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.