14.11.2025
14:50:38
ru
kz

Танымал пианист Бозжырада әлемдік туындыны орындады

Қазақстан жаңалықтары
14.11.2025
13:02
Танымал пианист Бозжырада әлемдік туындыны орындады

Ратович деген сахналық есіммен танымал қазақстандық пианист және композитор Темірлан Бейсенбай және тревел-блогер Әділет Рахметолла жаңа бейнежобаны ұсынды, деп хабарлайды Travelpress.kz. 

Түсірілім елдің ең көрікті табиғи нысандарының бірі – Бозжыра шатқалында өтті.


 

Ратович Маңғыстау облысындағы Бозжыраның әсерлі көріністері аясында «Interstellar» фильміндегі композитор Ханс Циммердің  “Cornfield Chase” танымал туындысын орындады. Шығармашылық бастама Қазақстан табиғатының сұлулығын насихаттауға, ел ішінде саяхаттауға шақыруға және қоршаған ортаға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.


 

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, Маңғыстау облысының туризм басқармасы және Rixos Water World Aktau қонақ үйі жобаға ұйымдастырушылық және логистикалық қолдау көрсетті.


 

«Бүгінде Қазақстанның туристік нысандары шығармашылық жобалар түсірілетін алаңға айналып келеді. Қыркүйек айында Бозжыра шатқалында Димаш Құдайберген мен Қытайдың ең ірі телеарналарының бірі Hunan TV жобасы түсірілді. Мұндай бастамалар табиғи және мәдени мұраны ілгерілетуге ықпал етіп, көпшілікті Қазақстанмен кеңірек танысуға шабыттандырады», – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлы.


 

Бұл Ратовичтің туристік орындарда түсірген алғашқы жоба емес. 2022 жылы музыкант өз композициясы арқылы Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай ұлттық паркін көпшілікке таныстырды. 



 

Бозжыра - Қазақстанның танымал және әсерлі табиғи орындарының бірі. Бірегей рельеф пен жартас пішіндерінің арқасында шатқалды марстың көріністеріне жиі ұқсатады. Үстіртің кинематографиялық пейзаждары саяхатшылардың ғана емес, шығармашылық сала  өкілдерінің де назарын аударады.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить