Dusit Thani халықаралық қонақ үй желісі Қазақстандағы өкілдігін кеңейтуге ниет білдіруде, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы Kazakh Tourism өкілдерінің тай кәсіпкерлерімен кездесуі барысында белгілі болды. Таиландқа іс-сапар туризм, инфрақұрылым және тұрақты даму саласындағы екіжақты байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды.
Бангкокқа сапарды ҚР Таиландтағы елшілігі ұйымдастырды. Чулалонгкорн университетіндегі халықаралық семинар барысында «Kazakh Tourism» АҚ департаментінің директоры Әлішер Тұрсын еліміздің туризм индустриясындағы инвестициялық жобаларды таныстырып, экотуризм мен тұрақты дамуға баса назар аударды. Тай кәсіпкерлері Қазақстанның басым туристік аймақтарындағы халықаралық инвесторларға ұсынылған мүмкіндіктермен, бизнес жүргізу шарттарымен және мемлекеттік қолдау шараларымен танысты.
Қазақстан делегациясын мультимодальды логистика мен жүк ағындарын цифрландырудың жоғары дамыған технологиялары қолданылатын Лаем Чабанг контейнерлік терминалын аралады. Патумтханиде азық-түлік инновациялары орталығы бар. Betagro компаниясы азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында озық технологияларды қолданады. Сапар аясында Таиландтың теміржол инфрақұрылымына ерекше назар аударылды. Бангкокта делегация жолаушылар маршруттарын жаңғырту және туристік аймақтар арасындағы көлік байланысын жақсарту жобаларын саралады.
Dusit Thani халықаралық қонақ үй желісінің басшылығымен кездесу – іс-сапардың маңызды тұсы. Қонақжайлылық саласындағы жетекші брендтердің біріне айналған компания қазақстандық нарықта өзінің қатысуын кеңейтуге қызығушылық білдірді. Ынтымақтастық халықаралық стандарттағы қонақ үй инфрақұрылымының жаңа нысандарын салуға бағытталады деп күтілуде. /
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.