19.09.2024
21:16:18
ru
kz

Шымкент қаласына 20 950 турист келді

Қазақстан жаңалықтары
31.07.2024
14:20
Шымкент қаласына 20 950 турист келді
Шетелдік туристер Шымкентті таңдады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

EQonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында Шымкент қаласына 20 950 шетелдік турист келген. Бұл көрсеткіш еліміздегі үшінші мегаполиске халықаралық туристік аренада сұраныстың артып келе жатқанының айқын дәлелі.

Шымкентке ең көп туристер – Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Қытайдан келген. Атап айтқанда, биылғы алты айда Шымкентке Өзбекстаннан – 9 235, Ресей Федерациясынан – 3 286, ал Қытайдан 2360 турист саяхаттаған. 

Өңірде туристер санының артуымен қатар, біржолғы төсек-орындар саны да  айтарлықтай ұлғайып келеді. Мәселен, 2023 жылы төсек-орын саны 6058-ге жеткен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 542 орынға көп. 

«Өңірдегі туристер санының өсуі туристік инфрақұрылымды жақсартуға және қонақтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған елеулі жұмыстардың нәтижесі. Біз Шымкентті Қазақстандағы және шетелдегі жетекші туристік бағыттардың біріне айналдыру үшін жұмыс істейміз», - деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.