02.10.2025
20:09:14
ru
kz

SCAT Airlines келесі жылдың көктемінде Латвияға ұша бастайды

Қазақстан жаңалықтары
02.10.2025
17:10
SCAT Airlines келесі жылдың көктемінде Латвияға ұша бастайды

2025 жылғы 1 қазанда Алматы қаласында Қазақстан мен Латвияның іскер топтарының 50-ге жуық өкілінің қатысуымен Қазақстан – Латвия бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

 

Форум барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесі екіжақты қаралды.

 

Қазақстан мен Латвия арасындағы көліктің барлық салаларындағы ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтілді. Мәселен, Қазақстаннан жүктерді Латвияның Рига, Вентспилс және Лиепа порттары арқылы транзитпен экспорттау Орталық Азия мен Еуропа арасындағы логистикалық желіде шешуші рөл атқарады.

 

Әуе қатынасын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2026 жылдың көктемінде SCAT Airlines Қазақстан мен Латвия арасында тікелей рейс ашатыны белгілі болды. Бұл қадам жолаушылар тасымалын жеңілдетеді, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтады, жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді, туризм мен бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

Тараптар сондай-ақ жүк тасымалы өсімінің дәлелі ретінде теміржол ынтымақтастығының жоғары әлеуетіне тоқталып, тікелей әуе қатынасы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.