Сәбидің өмірін құтқарып қалған дәрігердің есімі Гүлсім Жұмағалиева. Ол көпбейінді балалар ауруханасының жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-неонатологы болып жұмыс істейді.
Дәрігердің әрекеті назардан тыс қалмады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов Гүлсім Жұмағалиеваға алғысын білдіріп, алғыс хат табыс етті.«Ұшақ бортында сондай оқиғаның болғаны рас. Салон қараңғылау болды. Соған қарамастан, барлық қолдан келген шараны жасадым. Бұл ең алдымен балаға дәл сол сәтте дәрігерді тап қылып, Алла тағаланың қарасқаны деп санаймын. Қандай жағдайда болмасын, адамға қол ұшын беру – дәрігерлік борышымыз», - деді Гүлсім Жұмағалиева.
"Өз міндетіңізді жауапкершілікпен орындай отырып, сіз жас мамандарға үлгі болдыңыз. Медицинаға сіз сияқты жүректің қалауымен келеді. Басқарма басшылығының атынан Сізге алғыс білдіріп, денсаулық, амандық, жұмыста табыс тілеймін", – деді Ерлан Тоқсанов.