19.09.2024
22:04:13
ru
kz

Рекорд: 2023 жылы теміржол билеттерінің 70 пайызы онлайн сатылған

Қазақстан жаңалықтары
18.01.2024
16:02
Рекорд: 2023 жылы теміржол билеттерінің 70 пайызы онлайн сатылған
2023 жылы жолаушылар пойыздарында жүруге шамамен 19 миллион билет сатылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ мәлім етті.
 
2022 жылмен салыстырғанда 750 мыңнан астамға артық. Бұл ретте онлайн-сатудың үлесі 77% құрады. Комиссиясыз электрондық билетті bilet.railways.kz. сайтынан сатып алуға болады.

Сондай-ақ, мұнда «Күту парағы» қызметін пайдалануға болады, ол жолаушыға еркін сатылымда билет болмаған кезде кезекке тұруға және бос орын пайда болған жағдайда жол жүру құжатын сатып алуға мүмкіндік береді. 2023 жылы «Күту парағы» арқылы 170 мыңнан астам билет сатылды.
 
Қызметті bilet.railways.kz сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында пайдалануға болады.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.