Ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Рейстер аптасына 2 рет (жұма, жексенбі күндері) De-Havilland Dash 8-Q400 типті әуе кемелерінде орындалады.
Әуе қатынасының артуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.