Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астанадан Бішкек пен Самарқандтқа тікелей екі жаңа халықаралық бағыт ашуда, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Орталық Азиядағы бағыттарын кеңейту бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі елдері арасындағы байланыстарды дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бастамасымен үндес келеді.
2025 жылғы 7 қарашадан бастап Астана – Самарқанд – Астана бағыты бойынша (аптасына 2 рет – жұма және жексенбі), ал 10 қарашадан бастап Астана – Бішкек – Астана (аптасына 2 рет – дүйсенбі және бейсенбі) бағыты бойынша тікелей рейстерді орындалады.
Астанадағы хаб арқылы әуе компаниясы жолаушыларға Бішкекке, Самарқандқа, Омбы мен Новосібірге, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлеріне ыңғайлы рейстерді ұсынады.
Жаңа әуе бағыттар аймақтың іскерлік, туристік және мәдени байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін болады.