Жазғы маусымның алғашқы айында Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 1,2 миллионнан астам жолаушы тасымалдады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
2025 жылдың маусымында еліміз бойынша 112 түрлі бағытта жүрген «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 1,2 миллионнан астам жолаушы сапарға шықты.
Дәстүрлі түрде жаз мезгілінде туристік аймақтарына бағытталған пойыздарға сұраныс артатыны байқалады. Атап айтқанда, Бурабай курорты бағыты бойынша қатынайтын электр пойыздарымен 18,7 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Шығыс Қазақстанның басты демалыс орындарының бірі – Алакөл көліне пойыз арқылы 12,8 мыңнан астам жолаушы жетті.
Жаз мезігілінде жолаушылар легін тиімді ұйымдастыру мақсатында сұранысы жоғары бағыттарға қосымша пойыздар жолға шығарылды. Атап айтқанда, қосымша рейстер Алакөл, Балқаш және Бурабай бағыттарына ұйымдастырылды.