Халықаралық автомобиль жүктерін үшінші елдерге/елдерден тасымалдауға рұқсат бланкілерін беру процесі жеңілдетілді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, 13 сәуір күні цифрлық рұқсат бланкісін пайдалана отырып, алғашқы машина Қазақстан мен Өзбекстан шекарасын кесіп өтті. Осылайша, бүгінгі таңда 780 электрондық бланк берілген. Айта кетерлігі, мұндай инновациялық шешімдер логистикалық процестерді едәуір жеңілдетіп, жүк тасымалын тиімдірек етеді, сонымен қатар алыпсатарлық проблемаларын алдын алуға көмектеседі деп күтілуде.
Мәселен, осы жылдың сәуір айында «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы өтуге рұқсат беру «Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрық күшіне енді. Аталған бұйрық негізінде жүктерді тасымалдауға арналған үшінші елдерге/елдерден тасымалдауға өзбекстандық рұқсат бланкілері электрондық форматқа ауыстырылды.
Отандық тасымалдаушыларға электрондық рұқсаттар беруге өтініштерді қабылдауды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары CarGoRuqsat электрондық кезегінің автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырады.
Ол үшін төмендегі құжаттардың болуы шарт:
1) электрондық кезек жүйесінде тіркелу;
2) көлік құралдарына арналған құжаттар;
3) шетелдік рұқсатты қолдану арқылы/қолданусыз рұқсат куәлігі;
4) көлік қозғалысына берілетін рұқсат карточкалары;
5) ҚР аумағынан шыққаны үшін алым сомасын бюджетке төлеу.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.