19.09.2024
21:36:04
ru
kz

Милан-Астана рейсі ашылды

Қазақстан жаңалықтары
15.07.2024
06:56
Милан-Астана рейсі ашылды
Астана халықаралық әуежайы Милан мен Қазақстан астанасын байланыстыратын NEOS-тың жаңа рейсін қарсы алды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Италияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Альберти Марко мырзаның, сондай-ақ ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Адлет Майбасарұлы Көбенов мырзаның қатысуымен Милан-Астана рейсінің ресми ашылуы салтанатты түрде өтті.

NEOS авиакомпаниясының рейстері Boeing 787 Dreamliner ұшағында орындалады, бұл жолаушыларға Миланнан Қазақстанның астанасына және кері бағытқа жылдам әрі жайлы саяхаттауға мүмкіндік береді.

Шара қонақтары екі қала арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмді дамытуға септігін тигізетінін атап өтті. NEOS авиакомпаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның азаматтық авиациясы мен көлік-логистикалық саласының дамуына оң әсер етеді.

Біз NEOS авиакомпаниясына ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіре отырып, жаңа рейстің ашылуы туристік ағынның дамуына және елдер арасындағы мәдени және іскерлік байланыстардың нығаюына ықпал ететініне сенеміз.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.