«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға қызмет көрсетудің сапасы мен қолайлылығын арттыру мақсатында цифрлық және сервистік шешімдерді жүйелі түрде дамытып келеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Бүгінде Ұлттық тасымалдаушы күн сайын мыңдаған жолаушы қолданатын ең қажетті ТОП-5 сервисті ұсынады.
1. Пойыз қозғалысының онлайн-таблосы — tablo.railways.kz
Онлайн-табло арқылы жолаушылар пойыздардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылап отыра алады. Мұнда пойыздың кестесі, орналасқан жері, келу және жүру уақыты, сондай-ақ, мүмкін болатын кідірістер туралы ақпарат қолжетімді. Бұл сервис жолаушыларға сапарын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
2. Билеттерді сату сайты — bilet.railways.kz
Бұл – теміржол билеттерін онлайн сатып алуға арналған компанияның ресми сайты. Қызмет тәулік бойы жұмыс істейді және сайт арқылы билет сатып алған жағдайда ешқандай комиссия ұсталмайды. Жолаушылар өзіне ыңғайлы бағытты, отыратын орындарын таңдап, электронды билет сатып ала алады. Бұл сервис кассаға бару қажеттілігін болдырмай, уақытты үнемдеуге жағдай жасайды.
3. Бірыңғай байланыс орталығы — 1433
Тәулік бойы тегін қызмет көрсететін байланыс орталығы жолаушылардың барлық сұрақтарына жедел жауап береді. Орталық мамандары пойыз кестесі, багаж тасымалдау ережелері, билетті қайтару тәртібі және басқа да қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес береді.
4. WhatsApp арқылы шағымдар мен ұсыныстар жолдау — +7 776 714 5686
Қызмет сапасын жақсарту және жолаушылармен тікелей кері байланыс орнату мақсатында WhatsApp-чат іске қосылған. Жолаушылар бұл чатқа өз шағымын, ұсынысын немесе пікірін жолдай алады. Сонымен қатар, пойыздардың ішінде орналастырылған QR-кодтарды сканерлеу арқылы бірден WhatsApp-қа өтіп, хабарлама қалдыруға болады. Бұл жүйе жолаушылардың өтініштеріне жедел жауап беруге және олардың пікірін ескере отырып, қызмет сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
5. Darmen — жол жағдайы мен ауа райын бақылау жүйесі
Darmen қосымшасы жолаушыларға ауа райы мен жол жағдайын бақылап отыруға көмектеседі. Бұл сервис сапарды жоспарлау кезінде қауіпсіздік пен жайлылықты арттыруға ықпал етеді.