«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ кеңсесінде ҚР Туризм және спорт Вице-министрі Ержан Еркінбаевтың Таиланд Корольдігінің делегациясымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Делегация құрамында Таиландтың Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, оның ішінде Сыртқы істер министрінің орынбасарының кеңесшісі Russ Jalichandra, Оңтүстік Азия бөлімінің директоры Vipavee Rangsimaporn, сондай-ақ медициналық және білім беру салаларының өкілдері.
Талқылаудың негізгі тақырыптары екі ел арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастықтың келешегіне қатысты болды.
Кездесу аясында визасыз режимді қалпына келтіру, медициналық туризмді ынталандыру және студент алмасу бағдарламаларын кеңейту мәселелері көтерілді. Қатысушылар екі елдің туристік индустриясын дамытудың әлеуетті мүмкіндіктерін талқылады және бірлескен бастамаларға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесуде Ержан Еркінбаев Қазақстан мен Таиланд арасындағы туризм саласындағы әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.