24.11.2024
05:19:55
ru
kz

Қонақүйлер 121 миллиард теңге табыс тапты

Қазақстан жаңалықтары
11.09.2024
13:13
Қонақүйлер 121 миллиард теңге табыс тапты
Қазақстандағы қонақ үйлер мен орналастыру орындары 121,3 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы қонақ үйлер, демалыс орындары, хостелдер және басқа да орналастыру орындары шамамен 121,3 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23% көп. Яғни, 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздегі орналастыру орындарында қызмет көрсету көлемі 98,7 млрд теңгені құраған.

Сондай-ақ орналастыру орындарының саны 253-ке артып, 4167-ге жетті. Біржолғы сыйымдылық 15 мың төсек-орынға өсіп, жалпы 220 мың төсек-орыннан асты. Бұл – туристерді орналастыру мүмкіндігінің айтарлықтай кеңейгенін көрсетеді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.