23.07.2024
01:15:37
ru
kz

Қытайлық блогерлер еліміздің көрікті жерлеріне қызығушылық танытуда

Қазақстан жаңалықтары
04.06.2024
14:55
Қытайлық блогерлер еліміздің көрікті жерлеріне қызығушылық танытуда
Туризм және спорт министрлігі Қытайлық миллионер-блогерлерге туристік жауһарларды таныстырды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында елімізге әлеуметтік желіде миллиондаған аудиториясы бар танымал қытайлық блогерлер келді. Kazakh Tourism ұлттық компаниясы 28 мамыр – 1 маусым аралығында Aq niet Group және өзге де серіктестермен бірге Қазақстанға арнайы келген меймандарға Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Іле-Алатауы, Шарын және Бурабай ұлттық парктеріне ақпараттық тур ұйымдастырды. 

Шетелдік қонақтардың қатарында Ni leichu, Qin Mingxi, ChenHuixian, Xu Jia, XueRui секілді атақты блогерлер бар. Олардың жалпы аудиториясы 20 миллионға жуықтайды.

Айта кетейік, блогерлер Aq niet Group, Esentai Mall, Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысы әкімдіктерінің қолдауымен елордадағы Sandyq қазақ тағамдары мейрамханасының ашылу салтанатына қатысты.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.