Бүгін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға сапармен келді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.
Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды
Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.