15.10.2024
12:29:47
ru
kz

Қазақстанның үш қаласының тұрғындары Біріккен Араб Әмірліктеріне тікелей ұша алады

Қазақстан жаңалықтары
12.09.2024
15:52
Қазақстанның үш қаласының тұрғындары Біріккен Араб Әмірліктеріне тікелей ұша алады
Әуекомпания 26 қазаннан бастап Атырау мен Дубай арасында, 30 қазаннан бастап Астана мен Әбу-Даби арасында, 12 желтоқсаннан бастап Алматы мен Әбу-Даби арасында жаңа тікелей рейс енгізіледі, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 

"Әуекомпания өзінің бағыттық желісін Таяу Шығыс елдеріне кеңейтуде. Алдағы қысқынавигацияда Air Astana аптасына Алматы мен Астанадан Әбу-Дабиге төрт рейс, сондай-ақ аптасына Атыраудан Дубайға екі рейс орындайды, бұл аптасына Алматы мен Астанадан Дубайға әрекеттегі 20 рейсті, сондай-ақ аптасына Алматы мен Шымкенттен Сауд Арабиясына 6 рейсті толықтырады. Осылайша, Қазақстанның үш қаласының тұрғындары мен қонақтары Airbus A321LR, Airbus A321Neo және Boeing-767 жайлы әуе кемелерімен Біріккен Араб Әмірліктерінің танымал шаһарларына тікелей жете алады. Бұдан басқа, жолаушылардың ел ішіндегі саяхаттарын құрастыруға және екі әртүрлі Әмірлікке  бір сапарда баруға тамаша мүмкіндігі бар. Мысалы, Қазақстаннан Дубайға ұшып, ал Қазақстанға Әбу-Дабиден қайтып ұшу. Атыраудан Дубайға жаңа әуе қатынасын енгізу өңірдің дамуына септігін тигізіп, маңызды іскерлік және туристік орталықтармен байланысты жақсартады", - деді Air Astana компаниясының кірісті басқару және коммерциялық жоспарлау жөніндегі аға вице-президенті Ерболат Байсалыков.



Атырау-Дубай-Атырау бағыты бойынша рейстер AirbusA321neo авиалайнерінде дүйсенбі және сенбі күндері орындалатын болады. Ұшу ұзақтығы - 4 сағат. Астана - Әбу-Даби - Астана рейстері сәрсенбі және сенбі күндері Airbus A321LR және Airbus A321neo авиалайнерлерінде ыңғайлы уақытта орындалады. Ұшуұзақтығы сол жаққа - 5 сағат 10 минут, кері қарай - 4 сағат 55 минут.


Алматы - Әбу-Даби - Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстер аптасына екі рет: бейсенбі және жексенбі күндеріжүзеге асырылады. Ұшулар сондай-ақ A321LR қазіргі заманғы авиалайнерінде жасалатын болады. Ұшу ұзақтығы сол жаққа - 4 сағат 55 мин, кері қарай - 4 сағат 35 мин.
 
Эконом-класс билетінің ең төменгі құны екі жаққа да, барлық алымдармен бірге, Атыраудан Дубайға 189 мың теңгеден, Алматы мен Астанадан Әбу-Дабиге - 179 мың теңгеден басталады. Бизнес-класс билетінің ең төменгі құны Атыраудан Дубайға 590 мың теңгеден, Алматы мен Астанадан Әбу-Дабиге 733 мың теңгеден басталады. Билеттер cатылымда және оларды әуекомпанияның сайтында немесе авторизацияланған агенттіктер арқылысатып алуға болады.
 
Еске салайық, Қазақстан азаматтары үшін БАӘ-де 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз режим қолданылады.
 
Әбу-Даби баруға және демалуға арналған көптеген бірегей орындарды ұсынады. Парсы шығанағының жағажайлары, шейх Зайда мешіті, Абу-Даби Лувр, Ferrari World және YasWaterworld парктік аттракциондары бар Яс аралы - судағыойын-сауық әуесқойлары үшін тамаша орын. Тыныш демалысты сүйетіндер ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысаны - Әл-Айн оазисін тамашалауы керек.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.