19.09.2024
20:56:07
ru
kz

Қазақстандықтар үшін Еуроодақ елдеріне виза алу жеңілдетіледі

Қазақстан жаңалықтары
27.01.2024
14:21
Қазақстандықтар үшін Еуроодақ елдеріне виза алу жеңілдетіледі
Қазақстан Республикасы  Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесуі өткізді.

Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады.

Әлібек Бақаев

Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:

визаға өтінім берудің біріңғай құжаттар топтамасын енгізу;
консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту;
өтінімдерді қарасудың мерзімін азайту;
көп мәртелік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кестутис Янкаускас
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.