ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) 2024 жылғы 16-18 қазанда Қытайдың Бейжің қаласында өтетін COTTM (China Outbound Travel & Tourism Market) халықаралық туристік көрмесінде қазақстандық стенд ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Қазіргі уақытта туристік бизнеc өкілдері үшін COTTM 2024 көрмесіне қатысуға тіркеу 2024 жылдың 20 тамызына дейін қоса алғанда ашық. Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін тіркелген қатысушыларға Ұйымдастырушы стендте орын беруге кепілдік бере алмайды.
Бұдан басқа, қазақстандық делегация құрамына іріктеу бекітілгеннен кейін (2024 жылғы 20 тамыздан кейін) қатысушы өтінімнің күшін жойған жағдайда, сондай-ақ өтінімде көрсетілген ережелер сақталмаған жағдайда ұйымдастырушы қатысушыны келесі көрмелерге қатысуына рұқсат бермеуге құқылы.
Мүдделі тұлғалардан сілтеме бойынша өтінімді толтыруды сұраймыз.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.