19.09.2024
22:12:14
ru
kz

Қазақстанда «Qazaq Culture» бірегей жобасы іске қосылды

Қазақстан жаңалықтары
05.04.2024
13:23
Қазақстанда «Qazaq Culture» бірегей жобасы іске қосылды
Жаңа ақпараттық-танымдық портал Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық брендті дәріптеу және қазақ халқының тарихы мен мәдениетін таныстыру мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен іске қосылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Сайттың құрылуы – Қазақстанның мәдени мұрасы мен сан түрлі ерекшелігін әлемге танытуда жасалған маңызды қадам. Ел ішінде де, алыс-жақын шет елдерде де мәдени құндылықтарды насихаттау – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Үкіметі алдына қойған басты міндеттерінің бірі.
Ауқымды жоба 8 тілде, яғни БҰҰ-ның алты ресми тілі мен қазақ және түрік тілдерінде қолжетімді.

Ақпараттық порталда мұрағат қорының деректері де енгізілген. Бұл бөлімде мұрағаттардағы құнды деректер, құжаттар мен архивтік тарихи материалдармен еркін танысуға болады. Бұл бастама – зерттеушілер, тарихшылар және тарихқа қызығушылық танытатындар үшін баға жетпес ресурс.

Сайттың негізгі бөлімі – жаңалықтар блогы. Елдегі және әлемдегі барлық мәдени жаңалықтар осы айдарда жарияланатын болады. Жоба айтулы фестивальдар, жәрмеңкелер мен конкурстар, сондай-ақ театр қойылымдары мен отандық фильмдердің премьерасы, танымал және жас жазушылар кітаптарының тұсаукесері, көрмелер, мерейтойлық мерекелер, түрлі ауқымдағы өңірлік жобаларды қамтиды.

Сонымен қатар платформада еліміздегі өнер және мәдениет саласындағы басты оқиғалар мен жаңалықтар туралы қазақстандық мобильді қосымшалар көрсетілген ақпарат орналастырылады.

«Қазақстан мәдениеті жасанды интеллект призмасы арқылы» бөлімі – виртуалды түрде барлық өңірлер мен олардың көрікті жерлерін зерделеуге мүмкіндік береді.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.