13.07.2024
17:10:04
ru
kz

Қазақстанда экотуризмге сұраныс артты

Қазақстан жаңалықтары
15.05.2024
12:00
Қазақстанда экотуризмге сұраныс артты
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұлттық саябақтарға 2,4 миллионнан астам адам келді, деп хабарлайды Travelpress.kz

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Бүгінде еліміз бойынша 16 визит-орталық жұмыс істейді, оның ішінде 7 визит-орталық ұлттық парктер аумағында орналасқан. Өткен жылы Алтын-Емел, Шарын және Іле-Алатауы ұлттық парктері жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық 3 жаңа визит-орталықпен толықтырылды.

Туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан бері министрлік жаңа бастамаларды пысықтауда. Соның бірі – фермерлерге өз жерлерінде агротуризммен айналысуға рұқсат беру. Бұл 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын қосымша жұмыспен қамтуға болады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.