20.05.2024
17:44:36
ru
kz

Қазақстан БАӘ және араб нарығында трендті туристік бағыттардың тізіміне енді

Қазақстан жаңалықтары
06.05.2024
16:45
Қазақстан БАӘ және араб нарығында трендті туристік бағыттардың тізіміне енді
6 мен 9 мамыры аралығында Қазақстан Таяу Шығыстағы ең ірі Arabian TravelMarket 2024 (ATM) туристік көрмесіне қатысуда, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.


ATM-нің 31-ші көрмесінде ұйымдастырушылар 165-тен астам елден 2300-ден астам экспоненттермен өкілдерді қарсы алуда. Шараға 41 000 адам қатысады деп күтілуде.

Еліміздің ұлттық стендінде 16 туристік компания, 7 қонақүй, «Air Astana», сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының туризм басқармаларының қатысуымен Қазақстанның туристік әлеуеті ұсынылған. Стенд ұйымдастырушысы Қазақстан РеспубликасыныңТуризм және спорт министрлігінің атынан «KazakhTourism» ұлттық компаниясы болды.

Биылғы жылдың стенд дизайны 2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған. Онда «Tary» қазақ кофеханалар желісі, «Alkum» киім бренді мен отандық туроператорлардың қолдауымен жасалған дәстүрлі көшпелі мәдениетпен этникалық стиль элементтері паш етілуде.

Көрме аясында Астана қаласының Денешынықтыру және спорт басқармасы елорданың MICE саласындағы әлеуетін, оның ішінде алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жарнамалауды насихаттау мақсатында роуд-шоу өткізуді жоспарлап отыр.

Парсы шығанағы елдерінен Қазақстанға келген туристердің жалпы саны 2023 жылы 16,3 мың келушіден 29,6 мың адамға дейін 2 есегежуық өсті. 2022 жылмен салыстырғанда, бұлосы өңірден келген туристер арасындақазақстандық нарыққа қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Біріккен Араб Әмірліктері мен Оман елдерінен келушілердің 1,6-дан 4 есеге айтарлықтай өсуі байқалады. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш тұрақты тікелей рейстер мен Salam Air, Air Astana, FlyDubai, Qatar Airways, Jazeera және басқа әуекомпаниялардың рейстерінің жиілігіне байланысты. Сауд Арабиясы, Катар және Бахрейннен келушілердің артуы да осы елдер тұрғындарының Қазақстан туралы хабардар болуы – жақсы белгі деп білеміз.

Өткен қасиетті Рамазан айы және Ораза айт аясында Skyscanner Қазақстан БАӘ тұрғындары үшін ең танымал туристік бағытқа айналғанын жариялады.

Skyscanner мәліметтері бойынша, БАӘ тұрғындары үшін сапар шегуге қолайлы күн – 2024 жылдың 2 сәуірі болды, сауалнамаға қатысқан саяхатшылардың жартысынан көбі (51%) бір аптаға немесе одан аз уақытқа созылатын сапарларға тапсырыс беруді қалайды. Қазақстанға деген қызығушылықтың 195%-ға артуы арқылы еліміз басқа танымал бағыттардан айтарлықтай алда болды. Қазақстаннан кейін ірі елдер тізімінде Сейшель (115%), Кипр (99%), Жапония (90%), Швейцария (56%), Грекия (49%) және т.б. болды.

Skyscanner саяхат сарапшысы Айюб Эль Мамунның айтуынша, БАӘ тұрғындарының айт мерекесі кезінде Қазақстанға саяхатқа аттануы мәдениет пен жайлы демалысқа деген ұмтылысымен байланысты болды, бұл да Қазақстандағы туризмнің қарқынды дамуын көрсетеді.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.