ENAVSECG/12 авиациялық қауіпсіздік және рәсімдерді оңайлату жөніндегі топтың 12-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Қазақстан ИКАО EUR/NAT авиациялық қауіпсіздік және рәсімдерді оңайлату жөніндегі топтың 12-ші отырысына Париж қаласында қатысып қайтты.
ENAVSECG/12 отырысында топтың қызмет аясын кеңейту туралы шешім қабылданды, оған ИКАО Қосымша 9 «Рәсімдерді жеңілдету» ережелері енгізілді. Қазіргі заманғы қауіпсіздік қатерлерін, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары және зымыранға қарсы кешендер қолданылуын, киберқауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік саласындағы инновациялық технологиялар мен рәсімдерді жан-жақты талқылады.
Қатысушылар сертификаттау мен кадрларды даярлау мәселелерін қарастырып, ұлттық бақылау және мониторинг жүйелерін жетілдіру тәжірибесімен бөлісті.
Қазақстан ENAVSECG жұмыс тобының жұмысына белсенді қатысуды жалғастыруда, оның вице-төрағасы Қазақстанның aвиациялық әкімшілігінің өкілі Дархан Еспотанов болып табылады. Отырыста ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің вице-төрағасы Дархан Қатышев пен Қазақстан авиациялық әкімшілігінің авиациялық тасымалдау басқармасының басшысы Қуаныш Даутова баяндама жасады.
Қазақстандық мамандар авиациялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық мониторинг және бақылау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ азаматтық авиациядағы рәсімдерді жеңілдету комитеттерінің тиімділігін арттыру туралы екі жұмыс құжатын ұсынды. Екі құжат та оң баға алып, реттеу саласындағы тәжірибе алмасуға септігін тигізді.
ENAVSECG/12 нәтижелері авиациялық қауіпсіздік және рәсімдерді жеңілдету саласындағы ұлттық процедураларды әрі қарай үйлестіруге ықпал етеді. Қазақстан үшін бұл халықаралық талаптарды ескере отырып, ішкі рәсімдерді жаңартудың маңызды қадамы және EUR/NAT аймағындағы серіктестермен ынтымақтастықты нығайтудың негізі болып табылады.
Мұндай іс-шараларға қатысу Қазақстанның әуе көлігі қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге және халықаралық авиация қауымдастығы алдындағы міндеттемелерін орындауға берілгендігін растайды.