23.07.2024
00:18:10
ru
kz

Kazakh Tourism-ның Нидерланд Корольдігіндегі өкілі тағайындалды

Қазақстан жаңалықтары
05.06.2024
18:45
Kazakh Tourism-ның Нидерланд Корольдігіндегі өкілі тағайындалды
Бүгін Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ өкілі Адрианус М.Н. Лангедейкке арнайы сертификатты табыстады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
 
Нидерландтағы өкілдің тағайындалуы Қазақстанның туристік маршруттарын тиімді ілгерілетуге, мамандандырылған іс-шараларды ұйымдастыруға және голландиялық туристер арасында еліміздің оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
 
Адрианус М.Н. Лангедейк 1967 жылы Нидерландтағы Вэнхёйзен қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Vrije Universiteit Amsterdam-да экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. 2006 жылдан бастап Қазақстанға турлар ұйымдастыратын Kazachstan Reizen компаниясын басқарады. 1998 жылдың маусымынан 2001 жылдың мамырына дейін Алматы қаласында тұрған. 1999 жылдан бастап қазақстандық отандасымызбен отбасын құрған. Бүгінде үш балалары бар.
Адрианус ұзақ жылдар бойы Қазақстанға турларды белсенді түрде ілгерілетумен айналысып, елімізде жұмыс істеуде мол тәжірибе жинаған.
 
Голландиялықтар — табиғатты және мәдениетті жоғары бағалайтын, ізденімпаз әрі белсенді саяхатшылар. Бұл қасиеттер оларды Қазақстан үшін тамаша қонақ етеді. Қазақстан өзінің далаларымен, асқар тауларымен және бай мәдени мұрасымен әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартуда.
 
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.