26.11.2025
03:18:16
ru
kz

Италья журналында Алматы туралы репортаж жарияланды

Қазақстан жаңалықтары
25.11.2025
17:14
Италья журналында Алматы туралы репортаж жарияланды

Журналистер биыл жазда Алматының Туризм басқармасы және Almaty Tourism Bureau шақыртуымен Қазақстанға келіп, Көлсай мен Қайыңды көлдері сияқты табиғи жауһарлармен қатар гастрономиялық және мәдени қазыналармен танысқан еді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Репортажда заманауи қазақ тағамдары, сондай-ақ жергілікті мейрамханалар туралы да айтылады. Мақалада бауырсақ, құрт және жаңа ысталған жылқы етінің рецептері көрсетіліпті. 


 

Гастрономиямен қатар аймақта шарап өндірісін дамытуға да баса назар аударылғаны айтылған. Репортажда 1000 метр биікте жүзім өсіретін және қазірдің өзінде шарап шығару бойынша әлемге танылған қазақстандық компаниялардың бірі атап өтіледі. 


 

Бір қызығы, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Италиядан Алматыға  келген туристер саны  2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,9% өсіпті.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить