13.10.2024
16:31:32
ru
kz

Еліміздің ең танымал курорттарына енді ұшақпен жетуге болады

Қазақстан жаңалықтары
25.01.2024
18:12
Еліміздің ең танымал курорттарына енді ұшақпен жетуге болады
Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде шағын авиацияны дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жиналысқа Абай, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары әкімдіктерінің, «Жетісу» және «Южное небо»әуекомпанияларының, сондай-ақ Үшарал, Үржар және Зайсан әуежайларының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында шағын авиацияны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Көлік министрлігінің басшысы Үржар, Үшарал, Зайсан, Катонқарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалаларында әуежайлардың құрылысы және оларды реконструкциялау мәселелерін қарауды, сондай-ақ шағын авиацияны дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
 
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.