Алматы Орталық Азиядағы жетекші мегаполис ретінде позициясын нығайтып келеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Биыл алғашқы алты айда қалаға 1,1 млн-нан астам турист келген, оның шамамен 320 мыңы шетелдік қонақ. Туризм саласынан түскен салық көлемі 27% өсіп, 67 млрд теңгеге жетті. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция 139 млрд теңгеге жетіп, 60 пайыздан жоғары өсім көрсетті.
Халықаралық рейтингтер де Алматыны 2025 жылдың ең тартымды бағыттарының бірі ретінде көрсетіп отыр. Біз қаланың одан әрі өркендеп, тұрақты дамуы үшін жұмысты жалғастырамыз.
