17.07.2025
12:01:33
ru
kz

Backstreet Boys концерті: Елімізге 40 елден турист келеді

Қазақстан жаңалықтары
10.07.2025
13:49
Backstreet Boys концерті: Елімізге 40 елден турист келеді

 

Астанада Backstreet Boys концертін өткізу аясында «Kazakh Tourism» ҰК және «Астана Концерт» компаниясы арнайы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Оның шеңберінде тиісті штаб құрылып, қазіргі уақытта туристік операторлар концертке арналған билеттерді турпакеттер құрамына енгізіп, сатуды бастап кеткен. 

 

«Бұл шара MICE-туризмнің аясына кіреді. Ал MICE -туризмге салынған әрбір 1 теңге экономикаға 3 теңге болып қайтады. Бұл ғылыммен дәлелденген. Аталған концерт аясында Қазақстанға 40-тан астам елден турист келеді деп күтілуде», – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Жобаларды сүйемелдеу департаментінің директоры Әлішер Тұрсын. 
 

Сонымен қатар ірі халықаралық іс-шаралар ұшақ бағыттарының көбейіп, авиабилеттер мен қонақүйге сұраныстың артуына алып келеді. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.