19.09.2024
22:14:37
ru
kz

Авиаторлар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақстан жаңалықтары
01.08.2024
20:49
Авиаторлар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Көлік министрлігінде ҚР Көлік қызметкерлерінің алдағы кәсіби мерекекелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Мереке қарсаңында ҚР Президенті, ҚР Көлік министрінің атынан азаматтық авиация өкілдері алғыс хаттармен және құрмет белгілерімен марапатталды.


​ҚР Президентінің Алғыс хатымен Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Сәрсен Жарылғасов, "Қазаэронавигация" РМК "Орталық Қазақстан ІІО РО" филиалы ІІО қызметі бастығының орынбасары Дамир Сырымбетов, "Қазаэронавигация" РМК бас директоры Нұржан Ахметов, "Орталық Қазақстан" филиалының ІІО "Қазаэронавигация" РМК "Әуе қозғалысын ұйымдастырудың өңірлік орталығы» әуеайлақтық диспетчерлік қызмет орталығының бастығы Дмитрий Лавренюк, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ ЖҚЕ бастығы Нұрлан Шұғаев, Tav Airports Holding CO Бас директоры Каптан Вехби Серкан, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ жөндеу-құрылыс қызметінің бас инженері Дастан Жолмұханов, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы "АҚ ЖҚЕ бастығының орынбасары Шыңғыс Мәжитов, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ жерүсті көлігі бөлімшесінің бастығы Ербол Саликов, "Astana Aviation services" ЖШС Бас директоры Наталья Мутанова, "Astana Aviation Services" ЖШС директоры Алтынай Даркембаева марапатталды.  



ҚР Көлік министрінің Құрмет грамотасымен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің стратегиялық даму және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл департаментінің аға директоры Жанна Шек, Аэронавигациялық ақпаратты басқару департаменті директорының орынбасары Данияр Нарбеков, ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы Бауыржан Өміралиев марапатталды.  


"Құрметті авиатор" төсбелгісіне Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бас директорының орынбасары Дархан Еспотанов, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұшуға жарамдылық департаментінің директоры Аслан Сатжанов ие болды.


Көлік күніне орай Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ "Павлодар Әуежайы" АҚ-ның бірқатар қызметкерлері жанып жатқан үйден адамдарды құтқарғаны және өртті жойғаны үшін ҚР Көлік министрінің алғыс хатымен марапатталды.


Көлік қызметкерлері күні тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Ол ресми мәртебеге ие және Президенттің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің тізбесіне кіреді.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.