17.11.2025
16:08:45
ru
kz

Атырау–Алматы бағыты бойынша енді пойыз күн сайын қатынайды

Қазақстан жаңалықтары
17.11.2025
09:00
Атырау–Алматы бағыты бойынша енді пойыз күн сайын қатынайды

2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап №41/42 «Атырау – Алматы» жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі күнделікті режимге ауыстырылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті


Бұл шешім батыс және оңтүстік өңірлер арасындағы көлік қатынасын күшейтуге, сондай-ақ, қысқы маусымда жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Пойыз құрамы жаңартылған купе және плацкарт типтегі 15-тен астам вагоннан тұрады. Бұл бағытпен бір рейсте шамамен 700 жолаушы тасымалданады.


 

Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және барлық теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады. Пойыздардың нақты келу және жөнелту уақыты туралы ақпаратты https://tablo-railways.kz/ru сайтындағы онлайн-табло арқылы қарауға мүмкіндік бар.

 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить