Елорда әуежайынан Прагаға қатынайтын рейстер қайта жаңғырады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы Елорда әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.
2024 жылдың 22 мамырында Астана әуежайынан Прагаға алғашқы рейс жөнелтіледі. Рейстер аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) жайлылығы жоғары Boeing-737-де орындалатын болады.
Аталмыш рейс Астанадан 8:30-да ұшып шығып, Прагаға 10:25-те (жергілікті уақыт) ұшып келеді. Прагадан Астанаға ұшатын рейс 11:15-те ұшып, межелі жерге кешкі 20:10-да қонады. Бұл көптен күткен бағыт Қазақстан тұрғындарына Чехияның әдемі астанасына, сондай-ақ Чехия тұрғындарына әлемдегі ең жас астаналардың бірі - Астана қаласын көруге мүмкіндік береді.
«Scat» авиакомпаниясына әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі - Прага қаласын көру мүмкіндігі үшін алғыс білдіреміз.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.