Сағат 14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-тан 27 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Мұндай ауа райында әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін.
«Дәл қазір әуежайдың әуе айлағында қар қалың, желдің жылдамдығы секундына 10 метрге жетеді, алайда желдің екпіні 15 м/с-ке дейін жетіп тұр. Бүгін елорда әуежайында 75 рейстің ұшуы жоспарланған. 7 рейс әуе компанияларының техникалық себептеріне байланысты кешіктірілуде. Ал ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе кейінге қалдыруы тіркелген жоқ», - деді әуежайдың баспасөз қызметі.
Әуе айлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 10 арнайы техника жұмылдырылған.