Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен елордалық әуежайдың ұшу-қону жолағын жаңарту мәселесіне қолдау көрсету мақсатында БАӘ-ден келген жобалық топпен жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Terminals Holding бас директоры бастаған жобалық топ әуеайлақ жабындары, навигация, жер үсті қызметі, ұшу қауіпсіздігі жүйесі, сондай-ақ сауда және қаржы бағыттарына жауапты мамандар қатарынан құрылды.
Сапар аясында мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Қазаэронавигацияның, сондай-ақ әуе компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізілді, онда жаңғырту кезінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, ішінара жабу кестесін келісу және басқа да аспектілер талқыланды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.