23.11.2024
21:18:56
ru
kz

"Neos" әуе компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстан жаңалықтары
12.01.2024
12:15
"Neos" әуе компаниясының өкілдерімен кездесу өтті
ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қазақстандағы "Neos" әуе компаниясы Қазақстандағы өкілдігінің бас директоры және Италия-Қазақ сауда қауымдастығының президенті Марко Беретта мырзамен кездесті.

Бұл туралы ҚР Көлік миниситрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы "Neos" әуе компаниясының рейстерінің орындалуын қанағаттанушылықпен атап өтті және екі ел арасындағы әуе қатынасы мәселелерін талқылады.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.