19.09.2024
06:48:42
ru
kz

Альпинистер құтқарушыларды оқытып жатыр

Қазақстан жаңалықтары
09.09.2024
15:58
Альпинистер құтқарушыларды оқытып жатыр
5 қыркүйектен 1 қазанға дейін «Тұйық-Cу» альпинистік лагерінде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқытылады, деп хабарлайды Travelpress.kz. 

Алматы альпинизм федерациясы тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен құтқарушыларды төтенше жағдайда жұмыс істеу дағдысына үйретіп жатыр. Жобаны Алматы қаласының Туризм басқармасы ұйымдастырған.

Бағдарлама құтқару жұмыстарын жоспарлаудан бастап тауларда алғашқы медициналық көмек көрсетуге дейінгі теория мен тәжірибе қамтылады. Іле Алатауы бағыттарындағы жаттығу құтқарушыларды нақты сын-қатерлерге дайындауға көмектеседі. 

Жаттығуларға беткейлерге көтерілу және түсу, зардап шеккендерді эвакуациялау, арқан мен басқа да арнайы альпинистік құралдарды қолдана отырып құтқару жұмыстары кіреді.

Дайындықтың мақсаты – Алматы тауларында туристердің қауіпсіздігін арттыру және ТЖ-ға жедел әрекет ету. 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.